Маңызды шешімдер кезеңі: Елбасы кітапханасының экспозициялық көрмесі
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапхана қызметкерлері 27 тамыз күні ҚҚР ІІМ Шыракбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы ұйымдастырған «Полигон жаңғырығы» атты тақырыптағы дөңгелек үстелге қатысушыларға арнап, Семей ядролық полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасының «Маңызды шешімдер кезеңі» атты көшпелі көрмесіне онлайн саяхат өткізді.
Экспозиция Қазақстан тарихынан сыр шертетін Елбасы кітапханасы қорындағы архивтік материалдар, жәдігерлермен мен кітаптар кешенін көпшілік назарына ұсынады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ядролық қарусыздану және ядролық қаруды таратпау ісіне қосқан үлесі үшін берілген халықаралық марапаттары көрмеде ерекше орын алады.
Үш бөлімнен тұратын экспозициямен таныстыру барысында «Семей қайғы-қасіреті» бөліміне қойылған Семей ядоролық сынақ полигонының табиғатқа, адамзатқа тигізген орасан зор зардаптарын дәлелдейтін ресми материалдармен, Семей облысындағы радиологиялық жағдай туралы медициналық қорытындылар, жүргізген зерттеулердің нәтижелері жайында кеңінен таныстырылды.
«Елбасы бастамалары» бөліміне Тұңғыш Президентіміз Елбасының ядролық қарудан бас тартып, атомды тек бейбіт мақсатта пайдаланудағы Халықаралық саммиттерде сөйлеген сөздері мен Ұлыбритания, Жапония, АҚШ және т.б. алып елдердің Жоғары мемлекеттік наградалары, төсбелгілері қойылғанын және осы марапаттар жайында таныстырып өтті.
«Бейбіт атомға құқық» бөлімі Елбасының атомды бейбіт мақсатта пайдалану идеясын насихаттау және ядролық технологияларды таратуға қатысты қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөніндегі қызметі туралы архив материалдарының, музей экспонаттарының және кітаптардың кешенін білдіреді.
Шара соңында «Семей ядролық полигонының жабылғанына – 30 жыл» атты библиографиялық көрсеткішін таныстырылды. Аталмыш көрсеткіштің мақсаты, маңыздылығы, құрылымы айтыла келе, оның Абай атындағы кітапхана қорында 1989-2020 жылдар кезеңінде жарық көрген кітаптар мен мерізімді басылымдар беттерінде жарияланған мақалалар, анықтама-библиографиялық ақпараты мен мәліметтер қорының негізінде жасалғандығы кеңінен баяндалды.