Абай мұрасы – халық ұлағаты: онлайн-конференция
2021 жылдың 20 қазан күні «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ № 1 Абай атындағы қалалық кітапханасы» Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты тақырыпта ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасымен бірлесіп шара өткізді.
ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапхана қызметкері «Сирек басылымдардағы Абайдың тұлғасы» тақырыбында кітапхананың алтын қорындағы кемеңгер, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының өз заманында елінің қамы үшін қажымай қажырлы еңбек еткені жөнінде нақты дәлел болатын түпнұсқа құжаттарды таныстырудан шараны бастады.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің ғылыми қазметкері Азамат Қажыбай іс-шараны музей экспанаттарымен онлайн таныстыру арқылы жалғастырды.
Философия ғылымының докторы, профессор, ҚР Әлеуметтік Ғылымдар Академиясының академигі, ҚР ғылымын дамытуда еңбегі сінген қайраткер, Ақтөбе қаласы және облысының Құрметті азаматы Алтай Тайжанов Абай тұлғасы жөнінде сөз сөйледі.
ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын Қалауов Нұрлыбек Амандәулетұлы «Абай мұрасы – мәңгілік елдің мәңгілік шамшырағы» тақырыбын қозғады.
Миров Мұхтар Орынбасарұлы – филология ғылымдарының кандидаты, доцент. Рухани жаңғыру институтының директоры Байшев университеті, «Профессор Құдайберген Жұбанов танымындағы Абай тұлғасы» тақырыбын өрбітті.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Ақтөбе облысы бойынша филиалы кеңесшісі Салиева Гульнара Нохымқызы бүгінгі таңдағы Абай тұлғасы жөніндегі өз ойын жеткізсе, тағы басқа шара қонақтары аталған тақырып бойынша көкейкесті әңгімені ортаға салды.
Шара маңызды ақпарат, деректермен алмасқан шара қонақтарының ризашылықтарымен, Абай Құнанбайұлының өлеңін тыңдаумен тәмәмдалды.