Беймәлім Алаш мұғалімдері: бейнелекция
2021 жылы 17-ші қараша күні ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасының ZOOM платформасында әр сәрсенбі күні «Алаш» жобасы аясында өткізілетін тікелей эфирде белгілі әдебиет тарихшысы, жерлесіміз, Нұр-Сұлтан қаласының Абай атындағы №87 мектептің мұғалімі Кәрімхан Заңғармен «Беймәлім Алаш мұғалімдері» тақырыбында бейнедәріс өтті.
Шара барысында замандасымыз осы мектепте арнайы «Алаштану» кабинеті жасақталғанын айтып, ондағы стендтің бірінде 70-ке жуық Алаш мұғалімдерінің тізімі мен 8 фотосуреттері берілген стендтегі тізімді оқып, зиялы қауымның аты-жөнімен таныстырып, тағзым жасады.
Сонымен қатар, «Кыр баласы» Қоғамдық қоры Алаш қайраткерлерінің ашылмаған қырларын, беймәлім тұлғалардың тарихи-саяси, педагогикалық қызметтерін зерттеп, құнды дүниелерді бір арнаға тоғыстыру, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында «Алаш кітапханасы» сериясымен 1000 дана кітап басып шығарғанын атап айтты. Сол кітаптардың бірнешеуіне жеке тоқталды. Атап айтсақ: Байтасұлы Абдулла «Көркем әдебиет туралы» беймәлім Алаш қайраткері, ғалым, лингвист тұлға. Семейде білім алған. Бұл кітапқа автордың тәрбие, білім, мәдениет жайындағы еңбектері топтастырылған. Мұстафаұлы Сейтбаттал – Алаштың беймәлім мұғалімі, әлемнің жетекші мемлекеттерінде, сонымен қатар Стамбулда мұғалімдер семинариясында білім алған. Сейтбаттал Мұстафаұлының кітабына бала тәрбиесінің әдіс-тәсілдері, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, геогрфияға қатысты еңбектері енген.
Алаш арысы, фельдшер, Көкшетауда алғаш мектеп ғимаратын ашқан тұлға – Біләл Малдыбайұлының кітабына, автордың оба, құрт, сүзек, т.б. аурулар жайында «Денсаулық – негізі тазалық» атты мақаласы, аударма еңбектері еніп, жарыққа шықты. Беймәлім Алаш мұғалімі, қоғам қайраткері, білім басқармасының құрылуына, мектептердің материалдық базасының қазақ тіліндегі оқулықтармен қамтамасыз етіліуне айтарлықтай үлес қосқан, Фатима Ғабитованың алғашқы күйеуі Біләл Сүлейұлының «Үміт» кітабына ерекше тоқалды. Аталмыш кітапқа автордың қаламынан туған сатиралық шығармалары, өлеңдері, хаттары мен Айқап, Қазақ газеттерінде басылып шыққан мақалалары топтастырылған.
Алдағы уақытта бұл шара біздің «Алаш» электрондық кітапханасына енгізіліп, оқырман қауымға ұсынылады.