Елбасы жолы –Көшбасшы жолы: дәріс
26 қараша күні Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында «ҚР ІІМ ШҚО Полиция департаменті Семей қаласы Полиция басқармасы» мемлекеттік мекемесінде Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының мамандары «Елбасы жолы – Көшбасшы жолы» атты дәріс өткізді.
Тұңғыш Президент күні тек біздер, қазақстандықтар үшін ғана емес, бүкіл еуразиялық қауымдастық үшін маңызы зор мереке. Ол Қазақстанның егеменді даму жолындағы барлық жетістіктерінің көрінісі.
Дәріс барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы тарихи рөлі, қазақстандық қоғамның жаңаруы мен жаңғыруында, Ұлт Көшбасшысын дүниежүзілік қоғамдастықтың мойындауында, Тұңғыш Президенттің адами және азаматтық мүдделері туралы айтылды.
Іс-шара аясында Тұңғыш Президентіміздің саяси рөлін айшықтайтын кітаптар мен мерзімді басылымдар беттеріндегі еңбектер, атап айтсақ, «Тәуелсіздік дәуірі», «Тәуелсіздік стратегиясы», «Таңдалған сөздер», «Ой кітабы» сынды өмірбаяндық, саяси кітаптарынан көрме жасақталып, шолу ұсынылды. Шараға қатысушылар «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаяны», Елбасының жеке құжаттарының көшірмелері: мектептегі аттестат, еңбек жазбалары, белсенді саяси қызмет кезіндегі күнделіктер парақтары және басқа да құжаттарына, сондай-ақ, Мемлекет басшысының таңдамалы дәйексөздері кітаптары «Жырлар мен ойлар» және ыңғайлы қалта форматтағы «Еркін елдің ертеңі» атты еңбектеріне ерекше таңданып, қызығушылық танытты.