Балалықтан даналыққа: кітап таныстырылымы
Шығас Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында 29 қараша күні «Отбасы хрестоматиясы жобасы» бойынша басылып шыққан Сейілбек Мырзабайдың «Балалықтан даналыққа: отбасы хрестоматиясының» тұсаукесері ұйымдастырылып, автормен кездесу өтті.
Сейілбек Мырзабай 2013 жылы ағылшын тілін жетілдіру үшін Мальтада болып, неміс курстасынан «Ештеңеге зауқым жоқ», «Өмір қызық емес» деген сөзін естіп, кейіннен өзі елге келгесін балаларға арналған ағылшы тілі курсын ашып, оқушылардан да осы сөз тіркесін жиі естиді. Сол кезде барып осы сөздің астарына барып, мән тағынасына, түп негізіне мән беріп, ештеңеге зауқы жоқ, оқушыға сабақ беру, бірдеңе түсіндіру өте қиын екенін аңғарады. Ештеңеге зауқы жоқ жастардың өмірге құштарлығын қалай оятуға болады? Жалпы баланың болмысы неден тұрады? деген сұрақтарға жауап іздей бастыйды.
XX ғасырдың ең көрнекті психиатрларының бірегейі, веналық ғалым Виктор Франклдың адамның мәнге талпынысы мен оның психикалық саулығы арасындағы тығыз байланысы теориясына сүйене отырып, Сейілбек мырза қазақтың ертегі, қиссаларын, классикалық құндыдылықтарын бойына сіңіріп өскен бала өмірге, білімге, қай бағытқа, қай салаға қай ғылымға салсаңызда түбі бір жерді тесіп шығатыныа көзі жетіп, тәжірибесінде пайдалана бастайды. Осы тәжірибесі оң нәтиже бере бастаған соң кітаптың жазылуына себеп болды деп басылымның мазмұнымен таныстырып, көптеген мысалдар келтірді.
Шараға ата – аналар, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің студенттері мен ЖОО ұстаздары қатысты.
Автор кітапқа логотерпия және экзистенция анализі негізінде талданған кітабын пихология ғылымдарының докторы, логотерапевт Элизабет Лукастың тәжірибелерін молынан енгізгенін айтты. Басылымға оқушылармен жүргізілген сауалнама нәтижелері, автордың түрлі ситуациядағы оқиғалары мен сұхбаттары кірген.
Басылым баланың болмысы мен оның тәжірибесіне тереңінен үңілген барша ата-аналарға, оқушылармен тікелей жұмыс істейтін мектеп психологтарына, пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілеріне факультативті құрал ретінде ұсынылады.