Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті: бейнесюжет
31 қаңтар күні Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасының әлеуметтік желілерінде «Адалдық алаңы» жобасы аясында кітапханашы Бауыржан Игілік сыбайлас жемқорлық тақырыбында сөз қозғады. Бүгінгі жастар осы бір дертке қарсы екенін білдірді. Жемқорлықты болдырмау өз біліміңе, ақыл-ойыңа байланысты деген тұжырымдар айтылып, жастар өздерін жан-жақты жетілдіріп, білімділік пен адалдыққа тәрбиелеп, кез-келген уақытта ақшаға емес, білімге сенулеріне шақырды. Жемқорлық мемлекеттің өзегіне түскен құрт іспетті және одан арылмай өркениетті елдер санатына қосылу мүмкін еместігін айтып, шынайы мәдениетті тұлға сыбайластыққа бармайтынын басып айтта келіп, сөз аяғын кітапхана мәдени өмірдің бастауы, сондықтан кітапхана келіп кітап оқыңыздар деп сөзін аяқтады.