Алаш мұрасы: өлкетану сабағы
12 мамыр күні Абай атындағы кітапханада «Алаш мұрасы» тақырыбында дәріс өткізілді.
Мәдени шараға Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищесінің 2 курс студенттері қатысты.
Шара барысында Семей қаласының – Алашорда үкіметінің астанасы болғанына басты назар аударып, алаш қайраткерлері Ә.Бөкейханов, Ж.Ақпаев, Р.Марсеков, Ш. Құдайбердиев, Х. Досмұхамедов, Х.Ғаббасов т.б. алаш қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығы және ел тәуелсіздігін алу үшін атқарған істері мен Орыс Географиялық қоғамының «Жазбаларында» басылған еңбектері туралы танымдық ақпараттар берілді.
Дәріс соңында кітапханамыздың сирек қорында сақталған алаш арыстарының еңбектерінен жасақталған кітап көрмесіндегі Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің тарихы туралы кітаптарға, мерзімді басылымдарға шолу жасалды.
Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищесінің студенттеріне кітапхана бойынша саяхат ұйымдастырылды. Студент жастар кітапхана тарихымен, бөлімдерімен, кітап қорымен, кітапхананың ақпараттық мүмкіндіктерімен және электрондық ресурстарымен, клубтар мен үйірмелердің жұмысымен танысып, “Абайдың рухани орталығында” болып, XVIII ғасырдың соңынан бастап ХХ ғасырдың басында жарық көрген сирек басылымдармен танысты.