Дамушы қоғамның басты ресурсы – тек білімді адамдар емес, үздіксіз дамуға ден қойған адамдар: педагогикалық кеңес
Абай атындағы әмбебап кітапханасында 21 мамыр күні қаламыздағы №3 мектеп-кешенінің «Дамушы қоғамның басты ресурсы – тек білімді адамдар емес, үздіксіз дамуға ден қойған адамдар» тақырыбында педагогикалық кеңесі өтті.
Кітапханамызбен серіктестікте өткен педагогикалық кеңеске аталған мектептің ұжымынан 84 маман-ұстаз қатысты. Педагогикалық кеңеске жиналған қатысушыларға кітапхана мамандары кітапхана тарихы, кітапхана бөлімдері, әр бөлімнің аясында жұмыс жасап жатқан клубтар мен үйірмелер жайлы, сирек басылымдарымыздың «алтын қоры» мен оқырмандарымыз жайлы ақпараттар беріп, кітапхана сайтымен таныстырылым өткізілді.
Педагогикалық кеңесті жаңа форматта өткізіп отырған қаламыздағы №3 мектеп-кешен ұжымы: Оқу жылының аяқталуы; Қорытынды аттестациялау; Жазғы мектеп жұмысы сияқты педагогикалық маңызды мәселелермен қатар 6 топқа бөлініп, әр топ кітапхананың – Оқу залы, Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі, Мерзімді басылымдар бөлімі, Шет тілдері әдебиеттері бөлімі, Балалар бөлімі, Ақпараттық библиографиялық бөлімдерін аралап, жұмыстарымен жақын танысып, қорды зерттеп, жұмыстарын жалғастырды. Кітапхана сайты шара қатысушыларының ерекше назарын аудартты. Сирек қордағы әдебиеттермен жұмыс жасау, ғылым салаларына қарай зерттеу жұмыстары шара қонақтарын қызықтырды. Шара соңында кітапхана ұжымына алғысын білдірген ұстаздар қауымы, болашақта да осындай бірлескен іс-шаралар жиі өткізсек деген тілектерін білдірді.