Мен қазақша сөйлеймін («Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында): сөйлеу тюнингі
17 маусым күні бойынша балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында, №12 орта мектеп және лингвистика және компьютерлік технологиялар мектеп-гимназиясының оқушылары арасында «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында, «Тіл мектебі» бағыты бойынша «Мен қазақша сөйлеймін» тақырыбына сөйлеу тюнингін өткізді.
Сабақ барысында кітапханашылар «Мың бала» жобасы, қазақ тілі мен басқа тілдердің әр адамның өміріндегі маңызы және Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді үйрену жайында ақпарат берілді.Тыңдармандар берілген тапсырмаларды оңай орындап, қазақ тілін жақсы білетіндіктерін диалог түрінде көрсетті, сабақта өтілген сөздерді пайдаланып, сөйлемді дұрыс құрастыруға жаттықты және күнделікті өмірде қолданылатын сөздерді атап, мемлекеттік тілді меңгеруге деген қызығушылықтарын білдірді.
Шара соңында қазақ тілін үйренуге арналған кітаптар, сөздіктер, оқу құралдары, «Қазақша сөйлеуді үйренеміз», А.Сапақованың Ана, қазақша сөйлеші!», «Пайдалы білім сандықшасы» және т.б. әдебиеттермен жасақталған «Өз елімнің тілін үйренемін» атты кітап көрмесі ұсынылды.