Мұхтар Әуезов шығармашылығының рухани көздері: бейне дәріс
Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында 2022 жылдың 22-шы маусымында ZOOM платформасында «Алаш» жобасы аясында тікелей эфир өтті. Эфир қонағы әдебиет зерттеушісі, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, профессор Қорабай Серікқазы Сыбанбайұлы «Мұхтар Әуезов шығармашылығының рухани көздері» атты бейнедәріс өткізді.
Аталмыш шарада ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің өмірбаяны мен шығармашылығының әдебиет тарихындағы, ұлттық құндылықтағы маңызына тоқталды. Мұхтар атасы Әуез, әжесі Дінәсілдің тәрбиесін алып өсті. Бала Мұхтар әжесінен және белгілі ертегіші Баймағамбеттен талай қызықты аңыздар, әңгімелер естиді. Атасы ертегілер оқытып, араб әріптерін танытқан. Мұхтардың нағашы атасы белгілі төкпе ақын Ақтайлақ бидің де бала Мұхтардың әдебиетке деген сүйіспеншілігінің оянуына өз ықпалын тигізгендігін де тілге тиек етті. Жазушы шығармашылығының қайнар көзі орыс пен шығыс әдебиеті болғандығын баса атап өтті.
Мұхтар Омарханұлының шығармашылығының рухани қайнар көзі Абай және оның ғасырлық тарихы бар қазақ әдебиеті екендігін айтып сөзін қортындылады.