Жемқорлықсыз қоғам бейнесі: кітап көрмесі
22 маусым күні Абай атындағы кітапханада «Жемқорлықсыз қоғам бейнесі» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қазіргі кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды факторларына нормативтік-құқықтық базаны әрі қарай жетілдіру, жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту, халыққа қызмет көрсетуде тығырыққа тірейтін көптеген әкімшілік тосқауылдарды болдырмау тәрізді шаралар жатады.
Осы орайда, кітап көрмесіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін реттейтін заңнамалық актілер және сыбайлас жемқорлық байланысты Ж.Төлегенқызының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің нормативтік-құқықтық негіздері», А. Шаймуратовтың «Жемқорлықпен күрес жұмылуды қажет етеді» атты мақалалармен, Жетписбаева Б.А. «Стратегия борьбы с коррупцией», Алауханов Е. «Борьба с коррупцией» атты кітаптары қойылды. Көрмеге келушілерге сыбайлас жемқорлық ұғымы, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғамның түрлі салаларына теріс әсері туралы пайдалы ақпараттар берілді.