Ұлттық ойындар: ойын бағдарламасы
«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» бағыты бойынша 27 маусым күні балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері Жүсіпбек Аймауытов атындағы орта мектебінің «Балауса» жазғы лагерінің оқушылары арасында «Ұлттық ойындар» ойын бағдарламасын өткізді.
Іс-шараны өткізу барысында кітапхана қызметкерлері қатысушыларға қазақ халқының ұлттық ойындарының түрлері, олардың пайда болу тарихы, ұлттық ойындар тарихпен және мәдениетпен тығыз байланысты екенін және көбінесе жарыс сипатында болатыны туралы айтып берді.
Кітапхана алдындағы алаңда балалар бөлімінің қызметкерлері балаларға арналған «Арқан тарту», «Қыз қуу», «Асық» және т.б. спорттық ұлттық ойындарын ұйымдастырды.
Балаларға «Асық» ойыны ұнады, онда олар өздерінің ептілігін, ұстамдылығын және мергендігін көрсетсе, ал «Арқан тарту» ойыны барысында балалар өздерінің шымырлығы мен күштілігін көрсетті.
Іс-шара «Оқу орындығы» көрмесімен толықтырылды, онда балалар таза ауада демалып кітаптарды қарап, оқуға деген қызығушылықтарын танытты. Іс-шара соңында балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері оқушыларды кітапхананың бөлімдерімен таныстырып экскурсия өткізді.