• Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • KZ
  • RU
Кіру
Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіАбай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СҰРАҚ ҚОЮ

Онлайн виртуалды анықтама

ҰЗАРТУ

Кітаптарды пайдалану мерзімін ұзарту

БӨЛІМДЕР

Кітапхана бөлімшелері
ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГ

Жаңалықтар

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Кітаптардағы барлық даналық: әдеби экспозиция

Кітаптардағы барлық даналық: әдеби экспозиция

  • 09.08.2022

Ұлы Абайдың туған күні қарсаңында Абай кітапханасында  9 тамыз күні қала қонақтары мен мәдениет мекемелерінің қызметкерлеріне  «Кітаптардағы даналықтар» атты әдеби экспозиция ұсынылды.

Кітапхана қонақтары әдеби экспозиция аясында «Ғасырлармен үндескен асыл қазына», «Абай әлемі – жауһар туындылар кітапханасы»,  «Ұлы даланың ұлы қаламгері» атты кітап көрмелерімен танысты.

Шара қонақтарына заманында Абай оқыған кітапхананың сирек басылымдар қорында күні бүгінге дейін сақталып келген ғұлама ақын пайдаланған,  XVIII ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында жария көрген құнды әдебиеттер ұсынылды. Сондай-ақ, кітапхананың тарихы, 1902 жылы ашылған Императорлық Орыс Географиялық Қоғамы Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесінің басылымдары және саяси жер аударылған орыс өлкетанушыларының еңбектері жайлы кеңінен мағлұмат алды. Ұлы ақын көңіліне жақын тұтып оқыған орыс және шетел классиктерінің шығармаларымен танысып, батыс Еуропа классиктері шығармаларының үздік үлгілері ұсынылды. Сонымен қатар, көрмеден орын алған Абай Құнанбайұлының Рақымжан Жаманқұлов пен Ықылас Адамбековтың редакторлығымен 1936 және 1939 жылдары баспа көрген латын қарпіндегі «Таңдамалы» өлеңдеріне қатысушылардың ықыласы зор болды.

Шара қонақтарына «Рухани жаңғыру бағдарламасы»  аясында жүзеге асырылған «Абай әлемі» жобасы бойынша жарық көрген 2018-2021  жылдары басылып шыққан кітаптар топтамасымен таныстырып, шолу жасалды. 1909 жылы жарияланған «Қазақтың ақыны Ибраһим Құнанбайұғлының өлеңі» кітабының  репринтті басылымы, 5 томдық таңдамалы «Абайтану» кітабы және 4 томдық «Абай және ақын шәкірттер мұрасы», Т. Жұртбайдың «Рух сұлтандары» мен Ф.М. Достоевскийдің «Семипалатинский период о жизни»,  Әміре Қашаубайұлы туралы естеліктер жинағы қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым,  Қазақстан ғылым академиясының академигі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына орай  жазушының шығармашылығына арналған кітап көрмесіне шолу жасалды. Көрмедегі жазушының әр жылдарда жазылған шығармаларына, фотосуреттер және анықтамалық басылымдарға шолу жасалды. М.Әуезовтің «Абай жолы» романы, «Еңлік-Кебек» драмасы, «Қилы заман», «Қараш-қараш», «Қорғансыздың күні», «Барымта», «Көксерек», «Жетім», «Қараш-қараш оқиғалары», «Қаралы сұлу», «Қилы заман» сынды прозалық шығармалары жайлы ақпараттар берілді.

Әдеби экспозиция жыл соңына дейін қала қонақтары мен пайдаланушыларға ұсынылады.

ІЗДЕУ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Абайдың ақын шәкірті – Мағауия Абайұлы: сирек басылымдар көрмесі
21там.2025
Білімді біріктіре отырып, болашақты құрамыз: IFLA-ның Дүниежүзілік кітапханалық және ақпараттық конгресі
19там.2025
«Абай жолы» роман эпопеясының алғашқы нұсқасы: ақпараттық сағат
14там.2025
«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп…»: дүниежүзі поэзия фестивалінің жалғасы
12там.2025
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп: дүниежүзілік поэзия фестивалі
10там.2025

НАВИГАЦИЯ

  • Негізгі бет
  • Кітапхана жаңалықтары
  • Іс-шаралар афишасы
  • Кітапхана шежіресі

ОҚЫРМАНЫ ҮШІН

  • Анықтама қызметі
  • Кітапты ұзарту
  • Бөлімдер
  • Байланыстар

БАЙЛАНЫСТАР

Адрес: Қазақстан, Абай облысы, Семей қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 86 ү.
Индекс: 071400
тел.: 8(7222) 52-04-94, 52-38-87
факс: 520-494
e-mail: semeybib@yandex.kz

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

САЙТТА ТІРКЕЛУ

Кіру | Тіркеу

Login with your site account

Lost your password?

Not a member yet? Register now

Register a new account

Are you a member? Login now