• Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • KZ
  • RU
Кіру
Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіАбай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СҰРАҚ ҚОЮ

Онлайн виртуалды анықтама

ҰЗАРТУ

Кітаптарды пайдалану мерзімін ұзарту

БӨЛІМДЕР

Кітапхана бөлімшелері
ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГ

Жаңалықтар

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Батыс Қазақстан танымал тұлғаларының тағдыры: кездесу

Батыс Қазақстан танымал тұлғаларының тағдыры: кездесу

  • 12.08.2022

Ұлы Абайдың туған күні қарсаңында Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, алаштанушы, ғұмартанушы Боранбаева Бақтылы Сансызбайқызы Абай еліне арнайы саяхаттап келді. 9-11 тамыз аралығында Абай елін аралап, Семей қаласында ұлы ақынға арналған шараларға қатысты. 11 тамыз күні кітапханамызда мәдениет саласындағы мамандармен кездесіп, өзінің ғылым жолындағы ізденісі туралы ақпарат берді.
Бақтылы Сансызбайқызы: «Европа елдерінің мәдениеті мен әдебиетінің бірқатар алдыда жүру себебі, олар ең бірінші философияны терең меңгереді. Қазақ даласында ежелден философиялық мектептер болмағанымен, біздің қазақ даласы философ дана данышпандардан кенде емес. Отарланған халық болғасын біздің тереңдігімізді, тектілігімізді терең зерттеген патша өкіметі рухани кедейлендіріп, аздырып тоздыру механизімін жасап, түрлі саясаттарын жүргізді, философиямыздан алшақтатты, Анақарстан бері қарай Қорқыт ата, Ахмет Югнеки, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари сынды данышпандарымыз болды. Хакім Абайдың өзі гректен бері қарай Ахмет Югнеки, Анақарсты оқып, сусындап, өзін өзі жетілдірді. Жоғары оқу орындарында 2019 жылдан бастап қана қазақ философиясын оқыта бастады. Абайдың өлеңдерін жаттап қана қоймай, философиясын ашып оқыту керек» – деді.
Б.Боранбаева өзінің ғылыми еңбегіне арқау болған Алаш қайраткері, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген ғалым, ойшыл, саяси қайраткер, ақын-жазушы, публицист, ағартушы-педагог ретінде халық жадында сақталған Ғұмар Қараштың өмірі мен шығармашылығы жөнінде мол мағлұмат берді. Мұсылман дінін терең меңгерген діндарлығы, өз ауылында медресе ашып 1909 жылдары балаларды жадидше (жаңаша) оқытқандығы, елімізде алғашқы болып, «Қазақстан» газетін шығарғандығы жайында баяндады. Ғұмар Қараш Башқұртстанда діни басқарманың 9 ай бойы қазиі болғандығын, Бөкей Ордасына келген соң 1919 жылы ағартушылықпен айналысқанын, Алаш зиялылары Сейтқали Меңдешов, Нұғыман Манаев және қазақтың дворияны Шәңгереймен бірге 1919 жылы «Қазақ дұрыстығы» деген газеті мен «Мұғалім» әдістемелік журналын шығарғандығын, тілге тиек етті.
Ұлы Отан соғысына қатысқан, Орал өңірінен шыққан 20 қазақ қызы туралы зерттеу еңбегі жайында ақпарат берді.
Шара барысында Семей жері мен өзінің туған елінің тағдырлас екенін айта келе, өзінің сиясы кеппеген «Капустин Яр» әскери полигоны: қазақ депортациясы кітапбын кітапханаға сыйға тартып, кітап мазмұны туралы ақпарат берді.

ІЗДЕУ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көне Семей: көрме
22шіл.2025
Шәкәрім мұрасы – ұрпаққа аманат: пікір алмасу алаңы
22шіл.2025
Біз достармен зерікпей ойнаймыз және оқимыз: ойын бағдарламасы
16шіл.2025
Мен жаздың суретін саламын: асфальтта сурет салу
10шіл.2025
Әдебиет – ардың ісі: кең көлемді кітап көрмесі
08шіл.2025

НАВИГАЦИЯ

  • Негізгі бет
  • Кітапхана жаңалықтары
  • Іс-шаралар афишасы
  • Кітапхана шежіресі

ОҚЫРМАНЫ ҮШІН

  • Анықтама қызметі
  • Кітапты ұзарту
  • Бөлімдер
  • Байланыстар

БАЙЛАНЫСТАР

Адрес: Қазақстан, Абай облысы, Семей қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 86 ү.
Индекс: 071400
тел.: 8(7222) 52-04-94, 52-38-87
факс: 520-494
e-mail: semeybib@yandex.kz

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

САЙТТА ТІРКЕЛУ

Кіру | Тіркеу

Login with your site account

Lost your password?

Not a member yet? Register now

Register a new account

Are you a member? Login now