Кітапхана – білім аумағы: кең көлемді кітап көрмесі
1 қыркүйек білім күніне орай Абай атындағы кітапханада «Кітапхана – білім аумағы» атты тақырыпта кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шараға қаламыздың ЖОО студенттері мен мектеп оқушылары қатысты. Көрме материалдарынан студенттер білім күнін мерекелеудің маңызы туралы көптеген қызықты ақпараттар алды, Қазақстандағы педагогикалық ойдың тарихы, еліміздегі білімінің дамуы мен мектепке дейінгі және мектеп мекемелеріндегі білім беру процесінің негіздерімен танысты.
К.Шаймерденовтің “Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары”, А. Тайжановтың “Мұхтар Әуезовтің педагогикалық көзқарастары” басылымдарында айтылған Қазақстан жазушылары мен ақындарының халыққа білім беруді дамытуда сіңірген еңбектері туралы баяндалды. Көрмедегі Ыбырай Алтынсариннің “Өнер-білім бар жұрттар”, “Кел, балалар, оқылық” кітаптарына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, көрмеге қойылған кітаптардың қатарында Әбиев Ж. «Педагогика тарихы», К.Садвакасовтың «Развитие женского образования в Казахстане», Т.Т.Тажибаевтың «Развитие просвещения и педагогической мысли в Казахстане во второй половине ХІХ века», Ш.К. Ахметовтың «История развития педагогического образования в Казахстане (1985-2005 гг.)» кітаптары болды.
Сондай-ақ, көрме тарих, химия, экологиялық білім және басқа да білім салалары бойынша оқулықтармен толықтырылды.