Ұлт ұстазы: әдеби – библиографиялық кітап көрмесі
9 қыркүйекте Абай атындағы кітапханада Абай облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің әскери қызметкерлеріне, Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Ұлт ұстазы» әдеби – библиографиялық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Аудитория назарына көрме бойынша шолу жасалып, А.Байтұрсынұлының ағартушылық, қоғамдық және әдеби қызметі сияқты өмірдеректерінен ақпараттар берілді.
Әскери қызметкерлер Ахмет Байтұрсынұлының араб әліпбиіне негізделген, бірақ қазақ тіліне бейімделген қазақ әліпбиін жасаудағы қызметін Ауғанстан мен Иранда тұратын қазақтардың әлі де осы әліпбиді қолданып жүргенін қызығушылықпен тыңдады. Ахмет Байтұрсынұлының әдеби қызметі оның «Маса» және «Қырық мысал» жинақтарыда қамтылды. Көрмеге келушілер Ахмет Байтұрсыновтың қоғамдық және саяси қызметі туралы “Алаш” қозғалысына арналған басылымдардан білді, онда оның “Алаш” қозғалысын құруға қатысуы, оның Қарқаралы петициясы бойынша бастамалары барынша толық көрініс табады, сондай-ақ шекарашылар “Ахмет Байтұрсынов” кітабының беттерінде жарияланған мұрағат құжаттарымен және мұражай экспонаттарына аса назар аударды.