М.Әуезов сирек басылымдарда: баяндама
2022 жылдың 27 қыркүйегінде Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасы Павлодар қаласындағы С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханасының М.О.Әуезовтың 125 жылдық мерейтойына орай Zoom платформасында ұйымдастырған «Ұлт асылы – Мұхтар Әуезов» атты облыстық конференциясына қатысып, «М.Әуезов сирек басылымдарда» тақырыбында баяндама жасады.
Ғылыми конференцияға қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, қаламгердің ұлы Мұрат Әуезов қатысып, шара қатысушыларына сәттілік тіледі. Шараға С.Торайғыров университетінің профессоры Р.М. Муталиева, «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Ермек Қаныкейұлы, Торайғыров атындағы университеттің профессоры, ф.ғ.к. Б.Қ.Қапасова, Астана қаласынан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры ф.ғ.д. М.С.Оразбек, Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музей басшысы Қ.Е.Мәтіұлы, М.Әуезов атындағы мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, М.Әуезов кабинетінің меңгерушісі Л.С.Омарова, М.Әуезов атындағы мектептің 11 «а» сынып оқушысы Д.Ахтанова қатысты.
Кітапхана тарапынын Мерзімді басылымдар бөлімінің басшысы Ж.Ә.Манжибаева баяндамада әлем халықтарына қазақ ұлтын «Абай жолы» эпопеясы арқылы танытқан көркем сөз зергері М.Әуезов жайлы сирек қорымыздың өлкетану дереккөздері аталған Орыс Географиялық Қоғамының «Жазбалары», «Есептері», Семей облыстық статистика комитетінің «Шолуларына» тоқталды. Қаламгердің ұшқан ұясы, отбасы жайлы және Семейде өткізген өмірінен бір үзік сыр тарқатар бұл басылымдар сирек қордың құнды қазыналары, ғалымдардың зерттеу объектілері болып табылады. Ал М.Әуезовтың кітап болып оқырманға жол тартқанға дейін еліміздегі мерзімді басылымдар арқылы қазақ-орыс тілдерінде баспа көрген «Абай» тарихи романынан үзінділер, әдеби-зерттеу еңбектері, 1937 ж. «Әдебиет майданы», 1937-1939, 1946, 1951 жж. «Әдебиет және искусство», «Литература и искусство Казахстана» журналдары қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Сирек қорымыздағы М.Әуезовтың 1945, 1948, 1949, 1950, 1951, 1952 жылдары Алматыдан «Қазақтың біріккен мемлекеттік баспасынан», Мәскеуден «ОГИЗ», «Советский писатель», «Молодая гвардия», «Гослитиздаттан» Р.Сайфуллиннің, Б.Ы.Урманченің көркем безендіруімен «Абай», «Ақын аға», «Абай жолы» тарихи роман эпопеясы туралы міліметтер баяндаманы толықтыра түсті.
Шара барысында М.Әуезовтың шығармашылығына қатысты арнайы қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі кітаптармен дайындалған «Әлем таныған Әуезов» – атты көрмені бейнеролик арқылы қатысушыларға ұсынылды.