М.Әуезов «Қараш-қараш» оқиғасы: оқырмандар конференциясы
2022 жылдың 28 қыркүйегінде М.О.Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай жазушының «Қараш-қараш оқиғасы» повесі бойынша Абай атындағы кітапханада оқырмандар конференциясы өтті.
Конференцияның негізгі мақсаты, жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі, оның өмірін келешек ұрпаққа үлгі ету және аталмыш хикаятының мазмұнымен таныстыру, шығарманың басты кейіпкері – Бақтығұл кім? Өмірде болған адам ба? деген сауалдарға жауап алу.
Іс-шара барысында оқиға желісіне жалпылама шолу жасалып, хикаятқа арқау болған басты кейіпкерлер образына талдаулар жасалды.
Іс-шараға Әлихан Бөкейхан университетінің оқытушылары мен студенттері және қаламыздағы №17 мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.
Повестің тарихилығы, Бақтығұлдың өмірдегі прототипі, қазақтың біртуар ұлы Тұрардың әкесі ме, әлде қырғыз азаматы- Бақтыбай ма? деген ой-толғаныстарға ғылыми дәйектемелерді арқау ете отырып, оқырмандар ішкі түйсіктері ортаға салынып, ақпараттар берілді. Десе де, бұл тақырып әлі де уақыт еншісінде зерттеуді қажет етеді деген түйіндер қорытыланды. Шараға қатысушы студенттер мен оқушылар «Қараш-қараш оқиғасына» заманауи тұрғыдағы көзқарастарын білдіріп, іс-шара соңында ұлы жазушы М.Әуезов жайында мол ақпарат беретін «Әлем әдебиетінің алыбы» атты кең көлемді иллюстративті кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылып, шолу жасалды.