Thanksgiving Day in United States: ақпараттық сағат
2013 жылы 23 қараша күні Шығыс Қазақтан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының шетел әдебиеттер бөлімінде «Мәдени сенбілік» аясында арнайы түрде ұйымдастырылған «Алғыс айту күні» мейрамы өткізілді.
Өткізілген күн: 23.11.2013. Өткізілген орын: Шығыс Қазақтан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы. Қатысушылар: бөлім оқырмандары. Қатысушылар саны: 15. Мақсаты: Оқырмандарды американың ұлттық мейрамымен таныстыру, ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттыру.
2013 жылы 23 қараша күні Шығыс Қазақтан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының шетел әдебиеттер бөлімінде «Мәдени сенбілік» аясында арнайы түрде ұйымдастырылған «Алғыс айту күні» мейрамы өткізілді. Алғыс айту күнінің қысқаша тарихына тоқталып өтсек:АҚШ-та қараша айының төртінші бейсенбісі «алғыс айту күні» аталып өтеді. Бұл сонау XVII ғасырда белгілі діни мейрам болып аталып өткен . Аталмыш мейрамды 1621 жылы Плимут мекенінде тұратын ағылшын қоныс аударушылары алғаш рет атап тойлады. Себебі сол жылы қыс өте ауыр , халық өте ашаршылықтан зардап шекті. Бірақ сол қыстан аман-есен шығып, Тәңірге алғыс айтады. Губернатор Уильям Брэдфорд алғаш рет «Алғыс айту» күнін ресми түрде жариялады. 1789 жылы Американың алғашқы президенті Джордж Вашингтон ұлттық мейрам ретінде қабылдады. Бұл күні американдықтар отбасымен бірігіп мерекелік дастарханға отырады.
Әркім өздерінің жылдағы жақсы әсерлерін , жетістіктерін айтып ой бөліседі. Мерекелік дастарханның көркі ең бірінші күркетауық еті және дәмді асқабақты бәліштер болып саналады. Мейрамға арнайы түрде күркетауық етін пысырып,тәтті асқабақтардан міндетті түрде бәліштер дайындалып үстелге тартылып, тамақтанады.Үйсіз адамдарға түскі ас ұйымдастырып, жақын адамдарды қонаққа шақырады.Ал, Нью-Йоркте үлкен үрленген ойыншықтармен шеру ұйымдастырылады. Адамдар XVII ғасырдағы киімдерді киеді. Іс- шараға қатысушыларға «Алғыс айту күні» мейрамы туралы ақпарат беріліп, мейрамның шығу тарихы туралы слайд көрсетілді. Шараға қатысушы жастар аталмыш елдің ұлттық мейрамымен танысқан соң, зор қызығушылық танытты. Өз ойларын ортаға салып, пікір бөлісті.Викториналық ойындар ойнады. Алдағы уақытта осындай мейрамды күндерді біздің елде де арнайы күнтізбеге ендіріп, тойласа деген әсерлі ойлар да айтылды. Іс- шараға қатысушылар зор алғыстарын білдіре отырып, алдағы уақытта осындай іс-шараларға шақыруды сұрады.