Алаштың асыл арыстары: өлкетану оқулары
Абай атындағы әмбебап кітапханасында 6-шы қазан күні «Алаш» жобасы аясында қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл, ақын Нұрлыбек Баймұратовтың туғанына 135 жыл және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері Алаш Қозбағаровтың туғанына 105 жыл мерейтойларына орай «Алаштың асыл арыстары» тақырыбында өлкетану оқулары ұйымдастырылды.
Өлкетану оқуларына қазіргі заман тарихын құжаттау орталығы, облыстық тарихи-өлкетану музейі мамандары, колледж студенттері қатысты. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының маманы шараға қатысушыларды қазақ ағартушысы, тіл жанашыры, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын-аудармашы, қоғам қайраткері, «Алаш» партиясының мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстырды. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ балаларына ана тілін үйретуге арналған бірқатар оқулықтар жазғаның айтып студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды, соның ішінде мұражай қорында бар 1924 жылғы «Әліппе» оқулығын атап өтті. Жаңа заман тарихын құжаттау орталығының мұрағатшысы жиналғандарға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері Алаш Қозбағаров туралы оның қызы Светлана Алашқызы Қозбағарованың мемлекеттік сақтауға өткізген мұрағаттық құжаттарын ұсынды. Сондай-ақ тыңдаушылар ақын, Жамбыл Жабаевтың ізбасарларының бірі – Нұрлыбек Баймұратовтың шығармашылық қызметімен және 2019 жылы «Абай әлемі» кітап сериясында жарық көрген «Шығармалар» жинағымен танысты.
Шара соңында «Алаш» электронды кітапханасына виртуалды экскурсия жүргізге отырып, ондағы «Тарих», «Құжаттар», «Отбасы», «Бейнелекциялар» бөлімдері туралы ақпараттар берілді. «Отбасы» бөлімінде алашордалықтардың әйелдері мен ұрпақтарына баса назар аударылды.