Этикет – көшбасшылыққа апарар жол: ақпараттық сағат
6 қараша күні Абай атындағы кітапханада Бизнес және сервис колледжінің студенттерінің қатысуымен «Этикет – көшбасшылыққа апарар жол» тақырыбында ақпараттық сағаты өткізілді. Кітапханашы этикеттің тарихымен таныстырып, дүние жүзінің әртүрлі елдеріндегі этикет көріністері туралы қызықты деректер туралы ақпарат беріп, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына ерекше тоқталды. Студенттерді этикет пен көшбасшылық нормаларын сақтаудың өзара байланыстылығы қызықтырды, олар кітап көрмесіне қойылған төмендегі басылымдармен танысып, қосымша ақпараттар алды: А.Швейцер «Культура и этика», Зеленкова И.Л. «Этика», сонымен қатар мінез-құлық кодекстері «Мы живем среди людей», «Азбука для несовершеннолетних». Сонымен қатар, жеке тұлғаның өзін – өзі дамытуға арналған кітаптарға көп көңіл бөлінді. Мысалы: Кольер Р. «Закон притяжения: как получить все, чего вы хотите», Макгониал К. «Сила воли: как развить и укрепить», Кови Ш. «7 навыков высокоэффективных тинейджеров» және өскелең ұрпақтың эстетикалық және көшбасшылық қасиеттерін дамытуға арналған көптеген басқада басылымдар.
Сондай-ақ студенттерге кітапхананың тарихы, оның негізгі бөлімдері, қызмет көрсету шарттары, көрсетілетін қызметтері таныстырылды. Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл, Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына арналған кітап экспозицияларынан оқушылар қазақ халқының ағартушыларының өмірі мен қызметі туралы мағлұмат алды. Жастар кітапханамыздың сирек қоры мен Абай оқыған кітаптарға ерекше қызығушылық танытты.