Туған өлке аңыздары: ақпараттық шолу
11 қазанда Абай атындағы кітапханаға Бизнес және сервис колледжінің «Туризм» мамандығының студенттері келіп, оларға болашақ кәсіби қызметіне сәйкес келетін «Туған жер туралы аңыз» ақпараттық шолуы дайындалды. Студенттер назарына Семей қаласының тарихын, көрікті жерлерін, қаламызға келген әрбір оқырманды қызықтыратын қызықты жерлерін ашатын кітаптар көрмесі ұсынылды. Ұсынылған авторлық кітаптардыың ішінде В. Кашляктың «Семипалатинские арабески», «Печать Семипалатинска 1863-1963 гг.», «Семипалатинск. Три века истории», «Летопись Семипалатинских улиц» және басқа да қаламыздың тарихын мұрағаттық форматта ашып қана қоймай, аңыз-әңгімелермен, этнографиялық мәліметтермен қуатталған кітаптар болды. Шарада «О летающем татарине», аңызы, «Коныр-Аулие» трактісі, «О Рахмановских ключах» туралы аңыздар және сол сияқты тағы басқа өңіріміздің көрікті жерлері туралы аңыздарға көп көңіл бөлінді.
Іс-шара кітапханаға экскурсиямен ұласты, оның барысында оқушылар кітапхананың тарихымен, кітапханамыздың ашылуына бастау болған белгілі тұлғалардың өмірі мен шығармашылығымен, кітапхана оқырмандары болған белгілі тұлғалармен таныстырылды. Өз уақытында кітапхананың сирек қорындағы, әсіресе Абай оқыған және құрылған жылдардағы қорымызға негіз болған кітаптар да көрермендердің қызығушылығын тудырды.