Қазақтың қаһарман қызы: патриоттық сабағы
19 қазан күні Абай атындағы кітапханада Ұлы Отан соғысы тарихында өшпес із қалдырған Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына арналған «Қазақтың қаһарман қызы» атты ерлік пен патриоттық сабағы өтті. Іс-шараға қатысқан Бизнес және сервис колледжінің студенттеріне Мәншүк Мәметова туралы әңгімелеп, оның Калинин майданының 3-ші соққыға қарсы армиясының 100-ші жеке атқыштар бригадасының пулеметшісі, аға сержант, әскери қызметші болғанын білді. Кеңес Одағының Батыры атағын алған тұңғыш қазақ қызы. Іс-шарада 1943 жылы 15 қазанда Невель қаласын азат ету жолындағы ауыр шайқастарда басым биіктікті қорғап, пулеметшілер экипажының бірі болып, басынан жараланып, жаудың 70 жауынгерін жойып, ерлікпен қаза тапқан Мәншүк Мәметованың көрсеткен ерлігіне басты назар аударылды.
Сондай-ақ, көрермендер назарына қазақ қызы Мәншүк Мәметованың өмірбаяны мен ерлігі туралы деректі фильм түрінде «Қайсар қыз – Мәншүк Мәметованың ерлігі туралы хикая» бейнефильмі көрсетілді.
Іс-шара Мәншүк Мәметова туралы кітаптарға арналған тақырыптық көрмемен сүйемелденді, ұсынылған кітаптардың арасында «Қаһарман қыздар», «Жүз тұнғыш», «Арулар отты жылдарда» жинақтары, сондай-ақ Ш. Сыздықовтың «Мәншүктің өшпес ерлігі», А. И. Халимулдина (Прокопенко) және А.Қ.Халимулдиннің «Звездный час Маншук» еңбектері болды.