Ой-толғауыммен халқпен бөлісем: слайд-әңгіме
2013 жылдың 26 қаршасында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлері Тұңғыш Президент күніне орай Бизнес студенттері мен оқытушыларына «Халықпен ой-толғауыммен бөлісем» атты слайд-әңгіме ұйымдастырды.
Өткізілген күні: 26 қараша 2013. Өткізілген орны: Бизнес колледжі. Қатысушылар:колледж студенттері мен оқытушылары. Қатысушылар саны: 50 адам. Мақсаты: Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу, елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
2013 жылдың 26 қаршасында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлері Тұңғыш Президент күніне орай Бизнес студенттері мен оқытушыларына «Халықпен ой-толғауыммен бөлісем» атты слайд-әңгіме ұйымдастырды.
2012 жылдың 1 желтоқсан күні еліміз үшін елеулі оқиға – алғаш рет Тұңғыш Президент күнін атап өтілді. Себебі тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз.Сәл тарихқа шегініс жасар болсақ, 1991 жылғы 1 желтоқсанда, алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін салушы – Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Сайлауға қатысқандардың 98,78%-ы жақтап дауыс берді. Бұл жаңа мемлекет қалыптасуының өтпелі кезеңінде сенімді басшыға өз тағдырын тапсырған Қазақстан халқының жауапты таңдауы еді. Шын мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Қазақстанның шынайы егемендігін қамтамасыз еткен маңызды мемлекеттік актілерге қол қойылды. Мәселен,1991 жылдың 29 тамызында Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлығы шықты. Сондай-ақ 1991 жылдың 25 қазанында Президенттің Жарлықтарымен Қауіпсіздік кеңесі және мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Оған дейін Президент «Одаққа бағынған мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды ҚКСР иелігіне ауыстыру туралы» және «ҚКСР-ның алмас және алтын қорын құру туралы» Жарлық шығарды. Сөйтіп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің іргетасы осылай қаланды. Шара барысында студенттер Елбасы туралы өз пікірлерін айтып, слайд- көрсетілімі арқылы «Сіз Қазақстан Республикасының Президенті туралы не білесіз?» атты викториналық сұрақтарға жауап бердіп, белсене қатысқан студенттерге сыйлықтар үлестірілді. Бизнес колледжінің 1 курс студені Баяхметов Тимур Тәуелсіз Қазақстан туралы өзінің патриоттық ойын білдірсе, Серікбаева Жансая Елбасы туралы түсірілген «Балалық шағымның аспаны» атты көркем фильм туралы ортаға салды.Кітапхана қызметкерлері шараның ойдағыдай өтуіне ықпал еткен осы колледждің оқытушысы Ибраев Нұрлан Балхашұлына алғыстарын білдірді. Шара соңында 2 курс студенті Биазбеков Әли өзінің Елбасына арнаған өлең жолдарын арнады.