Қазақстан – рухы биік ұлы өлке: кең көлемді кітап көрмесі
22 қазан күні облыстық Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Семей станциясындағы желілік полиция бөлімі қызметкерлеріне арнап «Қазақстан – рухы биік, ұлы өлке» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
Көрменің ұйымдастырылу мақсаты – бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі – туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіріп, Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту, Қазақстан Республикасының егемендікке жету жолындағы жүргізілген тарихи маңызы бар кезеңдер туралы ақпарат беру.
Шара барысында егемендік алған кезеңнен бастап мемлекетімізде болған елеулі өзгерістерге шолу жасалып, қазақ тарихында болған саяси-экономикалық, қоғамдық-мәдени даму жолы баяндалды. Егемендікке дейін қазақ жерінің дамуы, сол кездегі қабылданған заң жүйелері туралы ақпарат берілді.
Көрмеге ұсынылған басылымдардың ішінде «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақ хандары», «Қазақ мемлекеттілігінің тарихы», «Алаш қозғалысы», «Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасу тарихы», «Қазақстанның жеті кереметі», «ХХІ ғасырдың Астанасы» т.б. кітаптар таныстырылды.
Шара соңында желілік полиция бөлімі ұжымы кітапхана қызметкерлерін Республика күнімен құттықтады.