Кітапханашы – мәртебелі мамандық: кездесу
Кітапханашы мамандығының имиджін арттыру және оны кәсіби аренада ынталандыру мақсатында елімізде 24 қазан – Кітапханашылар күні деп белгіленді. Осы кәсіби мерекеге байланысты Абай облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханада 22 қазан күні «Кітапханашы – мәртебелі мамандық» атты кітапхана саласындағы маман иелерімен кездесу өтті.
Шараға қатысушыларды Ғасырдан артық тарихы бар Абай атындағы кітапхананың тарихына қатысты «Ғасырлармен үндескен асыл қазына» атты сирек кітаптар көрмесі қарсы алады. Қатысушылар заманында Абай оқыған әдебиеттермен, Абайдың қайраткерлік тұлғасын көрсететін құнды кітаптармен және кітапхана тарихына қатысты басылымдармен танысты.
Жылы жүздесуге Семейдің Абай атындағы мәдени-ағарту училищесін басқарып, кітапхана ісі бөлімінде талай болашақ кітапханашы мамандарды тәрбиелеген ұлағатты ұстаз Отантай Кәріпжанов, 90 жыл бойы Н.Гогольдің атымен аталып келген кітапханаға Абай есімін беруге атсалысқан, көп жылдары Абай кітапханасының директоры болып қызмет атқарған Сағила Жұмағұлова, кітапханада көп жылдар қызмет еткен білікті мамандар, Зағия Мағауина қатысып, кітапханашы мамандығының қыр-сыры жайында әңгімелерімен бөлісті.
Шәкәрім атындағы университеттің студенттері кітапхана мен кітапханашы мамандарға арналған жырдан шашу шашылып, сазды әуендер орындалады.
Аталмыш шараға Семей қаласындағы оқу орындарының және көпшілік кітапханалардың кітапханашылары қатысты.