Дәуірдің дара тұлғасы: әдеби кеш
15 қараша күні Семей қаласындағы №38 мектеп-лицейі кітапханасының ұйымдастыруымен қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толу құрметіне арналған және «Еңлік-Кебек» қойылымының 105 жылдығына арналған «Дәуірдің дара тұлғасы» атты әдеби кеш өтті. Кешке Абай атындағы әмбебап кітапхананың мамандары мен аталмыш мектептің 10 «Ә» сынып оқушылары және М. Әуезов атындағы педагогикалық колледждің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің аға оқытушысы Нүрпейісова Еркеш Болатбекқызы қатысты.
Жазушы шығармалары арқылы қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасуына қосқан өлшеусіз еңбегін таныту, абайтану ғылымына қосқан үлесі жайлы, жазушы өмірінен үлгі ала отырып, шығармашылық танымдарын толықтыру мақсатында мектеп оқушыларына көптеген ақпарат ұсынылды.
Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасының маманы, жас ақын Кенжебекұлы Қуандық оқушылармен «Еңілік-Кебек» дастаны бойынша ой қозғап, қоғамдық мәселені талдаса, Еркеш Болатбекқызы шығарманың шығу тарихы, оқиғаның негізгі желісін сол кездегі оқиғалармен байланыстыра отырып қатысушыларға түсіндіріп берді. Кеште «Еңілік-Кебек» пьеса жайлы бейнеролик көрсетіліп, М. Әуезовтың шығармалары, еңбектерінен кітап көрмесі жасалды.