«Компьютерлік сауаттылық» тренингтер
Семейде мүмкіндіктері шектеулі жандар үшін «Компьютерлік сауаттылық» деп аталатын тегін үш оқыту тренингтері өтті. Оны мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған әлеуметтік жоба аясында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы өткізді.
Өткізілген күні: қыркүйек-қараша 2013. Өткізілген орны: Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы. Қатысушылар: мүмкіндіктері шектеулі жандар. Саны: 6 адам. Мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жаңа технологиялармен таныстыру. Күтілетін нәтиже: компьютерлік сауаттылық алу, Интернет арқылы сөйлесу, сұхбаттасу.
Семейде мүмкіндіктері шектеулі жандар үшін «Компьютерлік сауаттылық» деп аталатын тегін үш оқыту тренингтері өтті. Оны мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған әлеуметтік жоба аясында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы өткізді. 2013 жылдың 30 қыркүйек айында басталған бұл тренингтер өзінің білімдерін дамытуға ынталы мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қысқа мерзімді оқыту-тренингтерін ұйымдастыру арқылы қолдау көрсету болып табылады. Компьютерлік сауаттылыққа үйрететін бағдарлама қолданушы деңгейінде компьютерді игеру, компьютерде толығымен жұмыс істеуді үйрету, Интернет-технологияларды қолдануды үйрету, шетел мүгедектерімен қарым-қатынас жасау үшін Интернет желісін қолдану, Интернет желісінде мүгедектердің білім алуы жайлы ақпаратты орналастыру. Үйрету тренингтер практикалық сабақ ретінде жүргізілді. Осы шара үшін арнайы әзірленген бұл курстардың құрылымы: компьютер негіздері, Ms Word, Ms PowerPoint, т.б. бағдарламаларда жұмыс жүргізудің түрлері, электронды пошта, әлеуметтік жүйелер және Интернет арқылы сөйлесу, сұхбаттасу сияқты бөлімдерден тұрады. Бұл тренингтерді жүргізуге кітапхананың автоматтандыру бөлімінің жоғары білікті жаттықтырушылары тартылды. Семейдегі күзгі оқыту-тренингтерінің біріншісі қыркүйектің 30 күні бір кісіге кітапханада басталып, 11 қазанда аяқталды, екіншісі – қарашаның 18-28 күндері аралығында үш адамға кітапханада өткізілді, ал екі адамға үйден оқыту курсы қазанның 9-нан желтоқсанның 25-де аяқталады. Мүмкіндіктері шектеулі жандармен оқытулар әлі де жалғасады. Қысқы тренингтер желтоқсанның 3-13 аралығында үш адамға кітапханада өткізілуі жоспарланып отыр. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың ішінде, әсіресе тірек-қимыл жүйесінің сырқаты бойынша үйден оқытылатындар үшін жаңа технологияларды білу өте қажет және пайдалы. Жаңа технологиялар бойынша ұйымдастырылған оқытулар қатысушылардың назарларын бір бағытқа шоғырландырып, өмірге деген белсенділіктерін арттыруға мүмкіндік берді.