«Кемел адам» кітабы: Talqy_Like жобасы
Абай атындағы кітапханада 6 ақпан күні Семей жастар ресурстық орталығымен бірге Talqy_Like жобасының кезекті отырысында Қайрат Жолдыбайұлының «Кемел адам» кітабы талқыланды.
Автор Қайрат Жолдыбайұлы бұл кітабында жан-жақты жетілген идеалды адамның қасиеттері мен ерекшеліктерін түсіндіре отырып, оқырманын “кемел адам” болуға шақырады. Қатысушылар талқылау барысында кітап авторының кемелденудің психологиялық кедергілері, тән саулығының маңыздылығы, денсаулықты күтудің жолдары, уақытты тиімді пайдалану, қаржылық сауаттылық туралы баяндады. Эмоциялық зерде, яғни байсалдылық танытып, көңіл күй, сезімдерімізді басқару тәсілдері, қарым-қатынас қағидаларын түсініп, өз ойларын ортаға салды.