Елбасы күні – елдікке құрмет: әдеби-музыкалық кеш
2013 жылдың 28 қаршасында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлері және СММУ университетіндегі М.Мәметова атындағы мұражай қызметкерлерімен бірлесіп, «Жас ұлан» лицейінің офицерлеріне, оқытушылары мен ұландарына Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы күні – елдікке құрмет» атты әдеби-музыкалық кеш өткізді.
Өткізілген күні: 28 қараша 2013. Өткізілген орны: «Жас ұлан» лицейі. Қатысушылар: «Жас ұлан» лицейінің офицерлері, каптитандары, оқытушылары және ұландары. Саны: 150 адам. Мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері мен бүгінгі күнге дейінгі жеткен жетістіктері туралы және шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу жайлы мағлұмат беру.
2013 жылдың 28 қаршасында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлері және СММУ университетіндегі М.Мәметова атындағы мұражай қызметкерлерімен бірлесіп, «Жас ұлан» лицейінің офицерлеріне, оқытушылары мен ұландарына Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы күні – елдікке құрмет» атты әдеби-музыкалық кеш өткізді. 1991 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев жалпыхалықтық сайлаудан өткеннен бері, 22 жыл ішінде Қазақстан елінің дамуына және көркеюіне қыруар еңбек сіңірді. Оның ішінде айтар болсақ, ғасырлар бойы ата-бабамыз аңсаған, армандаған, азаттық, тәуелсіздік үшін жандарын құрбан еткен Тәуелсіздікті бейбіт жолмен әперді. Бұл ең үлкен тарихи жетістік. Осы тәуелсіздікті әперген Елбасына тағзым етіп, құрметтеуіміз керек. Экономикамыз дамып, өнеркәсібіміз өркендеп, сауда-саттықты жақсартуда алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарындамыз. ТМД және шетелдермен саяси, экономикалық, мәдени, дипломатиялық, консулдық байланыстар орнатылуда. Сондықтан да Президенттің өмір жолын, өмірбаянын, туып-өскен жерін, білім алған, қызмет еткен орындарын жетік білуіміз керек.
Президенттің көпқырлы қасиеті өте көп. Ол: лидерлік, көшбасшылық, саясаткерлік, қолбасшылық қасиеттері. Бұл Елбасының елге, оның дамуына сіңірген зор еңбегін бағалап, ұлт көшбасшысы атанған ұлы тұлғаны келешек ұрпақтың да құрметтеуі керек. Шарада: Салтанатты кешті СММУ-тегі М.Мәметова атындағы мұражайының директоры С.Т. Құттыбаева әскери басшылар мен ұландарды құттықтау сөзімен ашты. Жүргізушілер: М.Мәметова атындағы мұражай қызметкері Қопабаева Римма Оралбековна мен СММУ студенті Бақытжанұлы Ұлан болды. Медициналық университеттің студенті Бақытжанұлы Ұлан «Менің Қазақстаным» әнін орындап, көпшілікке әсем көңіл-күй сыйлап, халық көңілінен шыға білді. Қаладағы №26 мектептің 11 сынып оқушысы Қалымова Жібек өзбек биін мың бұрала билеп берді. «Жас ұлан» лицейінің 62-взводының ұланы Айкебаев Мүбарак Президентке арнап шығарған «Нұр ата» өлеңін жатқа айтып берді. Шара барысында, Елбасының өмір жолына, қызмет хроникасына, еңбектеріне және жаңадан келіп түскен кітаптарға шолу жасалды. Солардың ішінде ұландар арасында ерекше қызығушылық тудырған, «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев қызмет хроникасы 2010 жыл», Н.Назарбаев исторической ленте РИА Новостей: «Жаңа Қазақстан» сериясы кітаптары болды. Сонымен қатар, шарада Президентке арналған «Президент ұлт көшбасшысы» атты викторина сұрақтары ұйымдастырылды. Сұрақтарға жауап беруде көзге түскен ұландар: 62- взвод ұландары Еренғайып Бек, Төлеген Мақсатұлына сыйлықтар табысталды. Кітап көрмесіне барлығы 32 кітап қойылды. Кеш соңында лицей ұжымы алғысын айтып, келешекте шығармашылық бірлесуде болатындарын білдірді.