Кітапханадағы жаңашылдық: оқыту кеңестер
2013 жылдың 25-29 қараша аралығында Абай аудандық кітапханасының үш кітапханашысына кәсіби деңгейлерін көтеру және жаңа технологиялармен таныстыру мақсатында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында оқыту кеңестер топтамасы өткізілді.
Өткізілген күні: 25-29 қараша 2013 жыл. Өткізілген орны: Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы. Қатысушылар: Абай аудандық кітапханасының кітапханашылары. Саны: 3 адам. Мақсаты: кітапхана қызметкерлерінің білімін кеңейту және кәсіби қызметтерінде қолдануын қадағалау. Күтілетін нәтиже: кітапханашылар алған білімдерін кәсіби қызметтерінде қолдану және өз шығармашылықтарын дамыту.
2013 жылдың 25-29 қараша аралығында Абай аудандық кітапханасының үш кітапханашысына кәсіби деңгейлерін көтеру және жаңа технологиялармен таныстыру мақсатында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында оқыту кеңестер топтамасы өткізілді. Кітапхананың автоматтандыру бөлімінде мынадай оқыту шаралары ұйымдастырылды: «Библиографиялық жазуларды толтыру жолдары: біртомдық және көптомдық кітапты сипаттау» атты практикум-кеңес 25-27 қарашада өткізілді, мұнда ИРБИС жүйесінін электрондық каталогтары мен мәліметтер базаларының жолдарын толтыру ережелері, библиографиялық жазулар бойынша жаңа ұсыныстар берілді және практикалық, тестілік сабақтар өткізілді; «Интернет жүйесінде іздеу жолдары. Электронды пошта. Кітапхана сайттары» тақырыбында шебер класы 28 қарашада өткізілді; «Ms Office қосымшалары: Ms Publisher, Ms PowerPoint, Ms Word бағдарламалар көмегімен кітпахана жұмысын жүргізу» тренингі 28-29 қарашада өткізілді. Оқыту шаралардың негізгі мақсаты: тренингтер, зерделі-кеңес практикумдар, шебер класс өткізу арқылы кітапханашылардың кәсіби, электрондық сауаттылығын дамыту. Осыған орай барлық кеңестік шаралар әр пайдаланушының кәсіби білім дәрежесіне арналып дайындалды. Кітапханашылар жаңа технология бойынша алған білімін өздерінің кәсіби қызметтерінде пайдалануына мүмкіндік алды. Өткізілген іс-шара кітапханашы мамандардың қажетті ақпаратты дер кезінде, жылдам тауып беруіне көмегін тигізеді деп сенеміз.