Серікбол Қондыбай зерттеулеріндегі ұлттық рухани мұралар: онлайн кездесу
Абай атындағы облыстық кітапханасында 24 ақпан күні Маңғыстау облысы Шетпе ауылының тумасы, қазақ мифологиясын зерттеуші Серікбол Қондыбайдың ғылыми мұрасы мен шығармашылығын дәріптеу мақсатына арналған шара жалғасын тапты. «Серікбол Қондыбай зерттеулеріндегі ұлттық рухани мұралар» тақырыбында ұсынылған онлайн-лекцияға Абай облысына қатысты көпшілік кітапханаларадың мамандары қатысты. Қаламгер шығармашылығына арналған лекцияны Маңғыстау өңірінен зейнеткер-ұстаз, серікболтанушы, таңбатанушы Ақмырзаев Мұрат Мырзағалиұлы ұсынды.
Шара қонағы қысқа да болса өнегелі өмір сүрген, артына мол мұра қалдырған айтулы тұлғаның шығармашылығы туралы қатысушыларға мол ақпарат берді. Маңғыстаудың таңғажайып табиғатын, жер-су, өзен-көлін, қазыналы қойнауын ғылыми тұрғыдан баяндаған сүбелі шығармалары туралы баяндады. Орта ғасырларда біздің өлкемізде тірлік кешкен тайпалардың эпостық жырларын зерттеу арқылы өткен тарихымыздың көмескі тұстарына бағдар жасаған этнограф-ғалымның ғылыми еңбектерімен таныстырды. Шежіретану кестесі, сөздің нәрін және әрін беретін тек қана қазақ тілінде бар 9 дауысты дыбыстардың дыбысталуы жайлы мағлұматтар берді.
С.Қондыбай шығармашылығына байланысты қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.