Жемқорлықсыз қоғам орнату – басты парыз: кітап көрмесі
Абай атындағы кітапханада Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған Тұжырымдамасын іске асыру бағытында ҚР ІІМ Көліктегі ПД Семей станциясындағы желілік полиция бөлімі қызметкерлеріне «Жемқорлықсыз қоғам орнату – басты парыз» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің басты мақсаты: Сыбайлас жемқорлықтың өте қауіпті көріністердің бірі екенін және заңдардың еркін әрекетін шектеп, еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін, дамуын төмендететінін атап көрсету.
Кітап көрмесінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін реттейтін заңнамалық актілер және сыбайлас жемқорлыққа байланысты Е. Алаухановтың «Антикоррупционная правовая политика», И. Борчашвили мен С. Рахметованың «Проблемы противодействия коррупции по уголовному законодательству Республики Казахстан», А. Шаймуратованың «Жемқорлықпен күрес жұмылуды қажет етеді», «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қазіргі таңдағы өзекті проблемалары» және еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, осы құбылыспен күресу бойынша мемлекет қабылдап жатқан шаралар туралы кітаптар мен мерзімді басылымдар орын алды.
Шара барысында Тәуелсіздік жылдарындағы мемлекеттік саясаттың аса маңызды стратегиялық басымдығын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық саясатын бейнелейтін басылымдарға шолу жасалып, сыбайлас жемқорлық деңгейі мен салдары және қоғамның түрлі салаларына теріс әсері туралы ақпараттар берілді.