Өлкетанудың ғылыми негізін қалаған – Облыстық санақ комитетінің құрылғанына 145 жыл: ақпараттық сағат
29-30 наурыз күндері облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында «Өлкетанудың ғылыми негізін қалаған – Облыстық санақ комитетінің құрылғанына 145 жыл» атты ақпараттық сағаты өтті.
Іс-шараға Шәкәрім университетінің шет тілі факультетінің студенттері қатысты.
1878 жылы Семей қаласында Облыстық статистикалық комитет құрылды. Саяси жер аударылып келген Е. Михаэлис Семей статистикалық комитетінің бірінші хатшысы болғаны жайлы, сондай-ақ, Семейде 1883 жылы қоғамдық кітапхана мен өлкетану музейін құруға белсене қатысқаны туралы мәліметтерді дәлелдейтін «Отчет Семипалатинского областного статистического комитета за 1895 год» атты есеп кітабы қорымызда сақталған. Семей география қоғамы Батыс-Сібір бөлімшесі Орыс География қоғамының филиалы болып құрылған, бірақ жұмысты өз бетімен, дербес атқарды. Семей бөлімшесінің белсенді қайраткерлері ағайынды Виктор және Алексей Белослюдовтар болды. Кітапхана қорында суретші-этнограф В. Белослюдовтың «Материалы по этнографии» және Н. Коншиннің «Заметка об одном киргизском джуте» еңбектері сақтаулы. Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылар «Обзор Семипалатинской области за 1895 год» және Н. Коншиннің «Что могут дать Семипалатинские архивы для краеведения» атты мақаласы шыққан «Записки Семипалатинского отдела Государственного Русского географического общества. Выпуск XVI.» – Семипалатинск, 1927» еңбектеріне қызығушылық арттырды.
Шара соңында қонақтар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.