Процесс деколонизации: проблемы и перспективы: кітап авторымен кездесу
8 сәуірде Абай атындағы кітапханада философия ғылымдарының кандидаты, Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті А.Т. Мустояповамен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға Шәкәрім атындағы университет студенттері, “Ертіс өңірі” өлкетану қоғамының өкілдері, ЖОО оқытушылары, кітапхана оқырмандары қатысты.
«Процесс деколонизации: проблемы и перспективы» кітабының авторы аудиторияға кітапта қойылған басты мәселе Ресей тарапынан Қазақстанды отарлау болды ма деген тақырыпта талқылауды ұсынды. ХХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы постколониалдық зерттеу мәселелері көтерілді, аудитория назарына отарлау тақырыптары өткір көтерілген тарих пен көркем әдебиет мәтіндерін зерттеу ұсынылды.
Сондай-ақ, кітаптың авторы Азия мен Америка континентінің көптеген елдерін тарихи тұрғыдан отарлаған Батыс елдерінің тәжірибесін, осы елдердің отарсыздандырылуының қазіргі жағдайын, отарланған елдердің өздерінің тарихи, мәдени және тілдік ерекшеліктерін жоғалтуының жағымсыз салдарын, осы елдер арасындағы заманауи қарым-қатынастардың құрылуын атап өтті.
Кездесу барысында кітап авторы мәдени, әлеуметтік, экономикалық, тарихи және саяси сипаттағы осы мәселелердің барлығы қазіргі Қазақстан үшін, әсіресе Ресей мен Қазақстан арасындағы тату көршілік қатынастар аясында өзекті екенін атап өтті.
Сондай-ақ, кітапта қазақтардың ғана емес, біздің көпұлтты елімізді мекендейтін барлық халықтардың ұлттық бірегейлігі туралы көп айтылғаны, халықтарды Қазақстанға депортациялау мәселелері қозғалғаны атап өтілді.
Кездесу барысында авторға көптеген сұрақтар қойылды, оған автор толық әрі нақты жауап беріп, шара өте қызықты өтті.