Сұлтан Бейбарыс – Дешті Қыпшақ даласының ұлы перзенті: танымдық сағат
Биыл Ұлы дала топырағында туып Мысырды билеген әйгілі әз-Заһир Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл толыр отыр. Осыған орай орай 14 сәуір күні Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханада Семей қаласындағы Радиотехника және байланыс колледжінің студенттеріне арналған «Сұлтан Бейбарыс – Дешті Қыпшақ даласының ұлы перзенті» атты танымдық сағаты өткізілді.
Тыңдаушылар назарына жастайынан құлдыққа сатылып, тағдырға мойынсұнбай, әлемдік тәртіпті, тағдырдың бағытын, өркениеттердің тағдырын өзгерткен қазақтың Каспий даласының тумасы Сұлтан Бейбарыстың өмірі туралы мағлұматтар берілді. Бейбарыс сұлтан мәмлүктер мемлекетін ірі державаға айналдырып, Мысыр мен Сирияны «крестілер жорығы», моңғол шапқыншылығынан қорғап қалды, бүкіл мұсылман елдеріне қорған болды. Оның 17 жыл басқарған тұсында Мысырдың қуатты да өркендеген елге айналғанын, күрделі әлеуметтік-саяси реформалар жүргізілгенін, халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше көңіл бөлінгені туралы жиналғандар ықыласпен тыңдады.
Оқушыларға Бейбарыс сұлтанның көрнекті тұлғасын танытатын кітаптар мен мерзімді басылымдар беттеріндегі мақалалр ұсынылды. Ермек Тұрсыновтың «Мәмлүк», Қайрат Сәқидің «Сұлтан Бейбарыс», Қайрат Бегалиннің «Мәмлүктер» кітаптары, «Аңыз адам» журналының Сұлтан Бейбарысқа арналған номері және т.б. Шара барысында «Хабар» телеканалы дайындаған «Құпиялар. Тағдырлар .Есімдер» топтамасынан шыққан «Сұлтан Бейбарыс» атты деректі фильмінен үзінді көрсетілді.