Ынтымақ, бірлік, келісім – Ең басты байлық ел үшін: мерекелік кеш
Жыл сайын Абай атындағы кітапханада Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған іс-шаралар өткізіледі. Мереке Қазақстан жерінде тұратын барлық халықтардың бірігуінің символы болып табылады. Осыған орай, 26 сәуір күні «Ынтымақ, бірлік, келісім – Ең басты байлық ел үшін» тақырыбында мерекелік кеш ұйымдастырылды. Шараға тұрақты кітапхана пайдаланушылары қатысты.
Шара аясында Абай кітапханасының пайдаланушылары бұл мерекені тойлау дәстүрлері, шығу тарихы және мейрамның маңыздылығы туралы мол ақпарат алды. Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің киелі қара шаңырақта тату-тәтті өмір сүруі үшін береке мен ынтымақ, бірлік пен бейбітшілікті насихаттайтын бұл мерекенің маңызы өте зор.
Мәдени кеш барысында қатысушыларға топтық викторина ойындары дайындалып, қызықты сайыстар мен сауалнамаға қатысып, өз білімдері мен шеберліктерін көрсетті.
Шара соңында қатысушылар бұл мерекенің Қазақстанда қалай тойланатыны туралы ағылшын тіліндегі бейнероликты тамашалап, Отан туралы әндер орындады.