Жеңімпаздар ұрпағы: өлкетану қонақжайы
30 сәуір күні Абай атындағы кітапханада Ұлы Отан соғысына арналған «Жеңімпаздар ұрпағы» атты өлкетану қонақжайы өтті. Шараға «Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» ерлер лицей-интернатының оқушылары, Көлік колледжі мен Бизнес колледжінің студенттері, қала тұрғындары қатысты.
Ұлы Отан Соғысы сұрапыл жылдары әр отбасына мен әр адамның тағдырына үлкен әсер етті. Жеңіс күні бүкіл Кеңес елі үшін ең қуанышты оқиға болды. Жүргізушілер іс-шараға қатысушыларға Қазақстан мен Семейдің Екінші дүниежүзілік соғысқа қосқан үлесі туралы, жерлестеріміздің майдандағы және тылдағы ерліктері туралы айтып берді. Соғыс жылдарында соңғы мәліметтер бойынша 1 196 164 қазақстандық, яғни республика халқының 20 пайызы майданға жұмылдырылды. 497 адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді, жергілікті халық – 98 адам, оның ішінде қазақ қыздары – пулеметші Мәншүк Мәметова мен мерген Әлия Молдағұлова бар. Қазақстан ортақ жеңіс үшін жұмыс істейтін азық-түлік қоймасы мен өнеркәсіп ұстаханасына айналды.
Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің жауынгерлік және еңбек даңқы бөлімінің меңгерушісі Жанна Кариловна Игликова қазақ дивизияларының құрылуы мен майдан шебіне тоқталды.
Қатысушыларға отбасы мүшелерінің майдан мұқтажына аударған жеке қаржылай жарналары туралы және бөлінген қаржының жеке ұшақтар мен танктер жасауға жұмсалғандығы, қаржы аударуға қомақты үлес қосқандардың бірі Қажымұқан екендігі, оның ақшасына оның есімімен аталатын ұшақ жасалғандығы туралы маңызды да қызықты ақпараттар берілді.
Семейліктер майданда соғысып, тылда еңбек еткен әкелері мен аталары туралы естеліктерімен бөлісті.
Іс-шара 1941-1945 жылдардағы кітаптар, мерзімді басылымдар, фотосуреттер, маркалар, жеке мұрағаттар мен Әскери даңқ мұражайынан алынған әскери жәдігерлер қойылған кең көлемді көрме-экспозицияны таныстырумен жалғасын тапты. Көрмеден орын алған сұрапыл жылдары жарық көрген Абайдың, М.Әуезовтің шығармалары мен ақын Н.Баймұратовтың «Ер Төлеген» поэмасы, соғыс кезеңіндегі «Екпенді», «Прииртышская правда» газеттері қатысушылардың қызығушылығын тудырды.
Шарада халықаралық конкурстардың лауреаты, Әміре Қашаубаев атындағы облыстық филорманияның солисі, «Мотороллер» тобының ремиксі В.Дорошенконың және Н.Бочаровтың орындауларында «Эх, дороги», «Журавли», «О войне» және т.б. соғыс жылдарындағы және соғыс туралы әндер орындалды.