Оралхан Бөкейдің «Атау-кере» романы: оқырмандар конференциясы
Мамыр айының 18-ші жұлдызында Абай атындағы облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен, Шәкәрім университетінің «Қазақ филологиясы және журналистика» кафедрасының профессоры Тоқсамбаева Айман Омарқанқызының басшылығымен «Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдерін даярлау» мамандығы бойынша Кя 001 және Кя 101с топтарымен Оралхан Бөкейдің «Атау-кере» романын талдау мақсатында оқырмандар конференциясын өткізді.
Іс-шара барысында роман желісіне жалпылама шолу жасалып, Кя 001 тобының студенттері Берікболова Еркежан мен Тұрсынова Дильназ жазушы шығармашылығы жайында, «Атау-кере» романындағы кейіпкерлер бейнесі мен шығарма сюжеті, идеясы туралы баяндамалар жасап, әңгімеге арқау болған басты кейіпкерлер образына талдаулар жасады. Студенттер шығарма тақырыбы бойынша модератор Қуандық Кенжебекұлымен әңгіме өрбітіп, өз пікірлерін ортаға салып, жан-жақты талдау жасады.
Конференцияға қатысушы студенттер «Атау-кере» романына заманауи тұрғыдағы көзқарастарын білдіріп, романдағы қатал тағдырды мойымай көтере білген кейіпкерлер образына сипаттама беріп, ашық ойларымен бөлісті.
Іс-шара соңында, жиынды пысықтау мақсатында Қуандық Кенжебекұлы арнайы сауалдарын қойып, қатысушыларды шығармадан түйген ойын сараптады.