Мүмкіндігі шектеулі жандарға ағылшын тілін үйрету
2013 жылдың 10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында мүгедек жандарға арналған ағылшын тілін үйіне барып оқыту басталды.
Өткізілген күні: 10 желтоқсан 2013 жыл. Өткізілген орны: мүмкіндігі шектеулі жанның тұратын мекен-жайы. Қатысушылар: Семей қаласының мүмкіндігі шектеулі жандар. Қатысушылар саны: 1. Мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек ретінде кітапханадағы ағылшын тіліндегі әдебиеттермен таныстыру, ағылшынша білім беру.
2013 жылдың 10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында мүгедек жандарға арналған ағылшын тілін үйіне барып оқыту басталды.
Қазіргі дамыған қоғамда мүмкіншілігі шектеулі жандардың білім деңгейін көтеру қолға алынған. Көптеген адамдар жарақат, туа біткен ауытқушылық, созылмалы аурулардан зардап шегеді. Дүниежүзілік білім бағдарламасына сәйкес үкімет жағынан көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. 2011-2020 білім беру бағдарламасында балаларды және мүмкіндігі шектеулі жандарға білім беру , қоғамда барлық жағдайын жасау, оқыту процесіндгі қиындықтарда жеңу сұрақтары қаралған. Осы пайдалы бағдарламаны «Библиокөмек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға кітапхананың шетел әдебиеттер бөлімі ақысыз көмек реітнде ағылшын тілін үйіне барып оқытуды бастады.
Үйге барып оқытудың мақсаты: Библиокөмек жобасы аясында жұмыс жасай отырып, шетел бөліміндегі ағылшын тіліндегі кітаптарды қызығушы оқырманмен таныстыру. Және ағылшын тілін оқуына көмек көрсету.
Үйден көмек алушы мүмкіндігі шектеулі жандар осындай жоба бойынша жұмыс жасап жатқан кітапхана ұжымына разылықтарын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. Библиокөмек ретінде осындай жандардың үйіне барып қатынап, кітаптармен таныстыру және қолжетімді тегін түрде көмек беру әрі қарай жалғасын таппақ.