Дүниежүзілік кітап күні: көрме-шолу
2013 жылдың 23 сәуірінде Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында «Дүниежүзілік кітап күні» атты көрме-шолу ұйымдастырылды.
Өткізілген күні: 23 сәуір 2013 жыл. Өткізілген орны: Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының шетел әдебиеттер бөлімі. Қатысушылар: кітапхана оқырмандары. Қатысушылар саны: 8. Мақсаты: кітапхана оқырмандарын дүниежүзілік кітап күнімен және кітапханамыздың көне кітаптарымен таныстыру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Күтілетін нәтиже: кітапхана оқырмандары дүниежүзілік кітап күнінің тарихымен және кітапханамыздың көне кітаптарымен танысады.
2013 жылдың 23 сәуірінде Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында «Дүниежүзілік кітап күні» атты көрме-шолу ұйымдастырылды.
Кітап алтын сандық, іші толған қазына, құт. Кітап көрмесі екі бөлімінен құрылды. Бірінші бөлім кітаптің шығу тарихы және алғашқы кітаптар туралы ақпараттармен таныстырды. Кітапханамыздың ең көне кітаптары: М.Херасковтың «Эпическія творенія» (1-2 бөлімі), Москвада 1786 жылы шыққан. Э.Э. Ухтомскийдің «Государство Востокь его императорского Высочества» (1890-1891 С.- Петербургъ) кітабы ең көне, қымбат және ауыр, салмағы 4,5 кг. Ал Ө.Ө. Пуцыковичьтің С.-Петербургте 1898 жылы шыққан «Чтеніе для народа» атты кітабы ең арзан және жеңіл. Екінші бөлімге белгілі ғалымдар мен жазушылар, ақындардың кітаптары туралы нақыл сөздер және қызықты ақпараттар, мақал-мәтелдер қойылды. Оқырмандар мақал-мәтелдерді оқып аударды, өз ойларын білдірді. Өткізілген шара қатысушылардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттырып, кітаптің ерекшелігін және құндылығын білдірді деп сенеміз.