Жүрегі оның жанартау: кітап көрмесі
20 шілде күні Абай атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен белгілі ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жерлесіміз Тыныштықбек Әбдікәкімовтің 70 жас мерейтойына орай «Жүрегі оның жанартау» кітап көрмесі өтті.
Аталмыш шара кітапханаға келуішілер мен жұртшылыққа арнайы ұйымдастырылып, таныстырылды.
Тыныштықбек Әбдікәкімұлы «Ақшам хаттары», «Бесінші маусым», «Қас Сақ Аңқымасы» және т.б. жыр жинақтарының авторы. Сонымен қатар ақынның көптеген жырлары «Алтай-Ертіс кітапханасы» сериясымен және «Абай әлемі» сериясымен 2019 жылғы кітаптар топтамасына «Жұмақ күн» кітабы еніп, жарыққа шықты.
Ақынның өлең жырларының негізгі тақырыбы табиғат-ананың тылсым күштеріне, қоғамдық құбылыстарға, адамның жан-дүниесіне, сезімдеріне арналып жазылған. Өлеңдері испан, қытай, қырғыз тілдеріне аударылған.
Шара барысында пайдаланушылар ақынның өмірбаяны, шығармашылығы және жарыққа шыққан кітаптары жайлы ақпарттар алды.
«Жүрегі оның жанартау» кітап көрмесіне Тыныштықбек Әбдікәкімұлының «Бесінші маусым жұпары», «Қас сақ аңқымасы», «Шығармалар жинағы, «Жұмақ күн» кітаптары, «Антология современный казахской поэзии» жинағы және «Қазақ әдебиеті», «Айқын», «Егемен Қазақстан» т.б. мерзімді басылымдар беттерінде жарық көрген мақалалар мен естеліктер қойылып, шолу жасалды.