Абайдың рухани әлемі: танымдық сағат
Ағымдағы жылдың тамыз айының 9 күні қазақ елі болып атап өтілетін маңызды мерекеміз Абай күні қарсаңында кітапханамызға қаламыздағы «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы» кітапханасынан әріптестеріміз қонақта болып, 140 жылдық мерейтойын күтіп отырған кітапханамыздың тарихымен танысты.
Абайдың рухани орталығындағы тұрақты сирек басылымдар көрмесімен танысып, Абай, Шәкәрім және олардың замандастары өлкетанушылар еңбектерін тамашалады. Абай мен Шәкәрімге, Мұхтар Омарханұлы мен ұлт зиялыларына рухани азық берген сирек қорлармен, өлкеміздің жан-жануары, тау-тасының, өсімдік әлемі мен табиғат байлығын суреттеген түпнұсқа өлкетану әдебиеттерімен танысу мүмкіндігіне ие болды. Әсіресе Абай, Шәкәрім, Мұхтар жайлы сирек өлкетану әдебиеттері қонақтарға тосын сый, болып, ғажайып әдебиеттер әлеміне жетеледі. «Отчёт общества попечения», «Семипалатинские областные ведомости», «Отчёт за 1903 год Семипалатинского Подотдела Императорского Русского Географического Общества» басылымдары ерекше назар аудартты.Көрме қонақтары Абай оқыған ғажайып әдебиеттер әлеміне саяхат жасап, Абай заманында болғандай тамаша әсер алдық деп алғыстарын жаудырды.
Туыс, бала-шағаларымызбен тағы да келуге бола ма, таныстарымызды да шақыруға бола ма деп анықтап алды қонақтар. Шолу соңында естелікке фото суретке түсуді де ұмытпады.