Ғасырлар үндестігіндегі рухани мұра: Абай күні
Абай күнін мерекелеу аясында біздің кітапханаға Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасы, Еңбекшіқазақ, Іле, Жамбыл, Есік аудандарының кітапханасының қызметкерлері келді.
Ктапхана қонақтары 1883 жылы ашылған, оқырманы Абай Құнанбаев болған кітапхана тарихының қызықты беттерімен танысты.
Абай рухани орталығында әріптестерге ұлы ақын заманының XVIII – XIX ғғ. соңындағы кітаптары мен Абай оқыған кітаптар ұсынылды. Бұл орыс және шетелдік классиктердің шығармалары: Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Крылов, Гете, Байрон, Гейн, Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектері. Дәл осы кітаптар Абайдың әдеби шығармашылығының дамуына жаңа серпін берді.
«Батыс Сібір Императорлық Орыс Географиялық Қоғамының Семей бөлімшесінің», «Облыстық Статистика комитетінің», «Бастауыш білім беру туралы қамқоршылық қоғамының» жазбалары мен есептері әріптестердің ерекше қызығушылығын тудырды, бұл жазбаларда Абайдың қоғамдық қызметке белсене қатысуы туралы көрсетілген.
Қонақтар «Живая Россия», «Путешествие на Восток его императорского высочества государя наследника цесаревича 1890-1891», «Құран», «Об архитектуре» Дж. Витрувия Поллиона т.б. Абай заманындағы әлемдік шедеврлер жинағымен танысты.
Сондай-ақ, кітапхана қонақтары «Алаш» электронды кітапханасына виртуалды экскурсия жасап, оның негізгі бөлімдерімен танысты. «Алаш тарихы», «Құжаттар», «Отбасы», «Бейнелекция» айдарларына ерекше назар аударылды.