Ата заң – біздің өміріміздің заңы: сұрақ-жауап көрмесі
Абай атындағы кітапханада 23 тамыз күні Конституция күні қарсаңында «Ата заң – біздің өміріміздің заңы» тақырыбында сұрақ-жауап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмені таныстыру барысында кітапхана қызметкерлері ХVІІ ғасырдағы «Жеті Жарғының» қалыптасуы, елімізде қабылданған Конституциялар тарихы, 1995 жылғы 30 тамыз күні бүкілхалықтық референдумда Қазақстанның қолданыстағы Конституциясы қабылданғаны жайында, Қазақстан Республикасы адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын өзінің ең қымбат қазынасы ретінде қарастырғаны жайында айтып өтті.
Көрмеге Н. Өсерұлының «Жеті жарғы», З. Кенжалиевтің «Развитие конституционного законодательства РК», «Қазақтың ата заңдары», Қ. Омархановтың «Қазақ елінің дәстүрлі құқығы», Ө. Қопабаевтың «Ата заң – мемлекет дамуының іргетасы», Ғ.Маймақовтың «ҚР саяси-құқықтық тарихы», М. Матаеваның «Конституционная история Казахстана и стран Центральной Азии XXвек», «Конституция Республики Казахстан: социальные ориентиры, практика реализации» т.б. кітаптары қойылды.
Көрмеге қатысушылар көрмеден орын алған кітаптардан Қазақ халқының Жеті жарғысы қашан пайда болды? Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымының негіздері қандай? ҚР Конституциясында жеке тұлғаның құқықтық мәртебесін анықтайтын қай бөлім?1993 жылғы қабылданған конституциямен қазіргі, 1995 жылғы конституцияның қандай айырмашылықтары бар? ҚР Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің көзі кім? деген сұуалдарға жауап алды.
Ата Заңымыздың тарихы мен маңыздылығына қызығушылық танытқан оқырмандарымызды тамыз айының соңына дейін ұсынылатын кітап көрмесімен танысуға шақырамыз.