Отбасы – бақыт мекені: дөңгелек үстел
Абай атындағы облыстық кітапханада еліміздегі отбасы күніне орай ағымдағы жылы 8 қыркүйекте «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Шараға қатысушы Семей қалалық полиция басқармасының қызметкерлерін кітапхана қорынан жасақталған отбасы құндылықтары мен бала тәрбиесіне арналған кітап көрмесі қарсы алды.
Аталған маңызды шарада «Қазақ аналары – дәстүрге жол» атты қоғамдық бірлестігінің Төрайымы Ахметова Райхан Тоқайқызы жас отбасыларын мерекемен құттықтап, отбасы құндылықтарын насихаттап, қоғамымызда руханилықты, өнегелілікті нығайту жөніндегі ақпараттарымен бөлісті. Бірлестіктің кәсіби коуч, психоанализ бағытындағы психолог, ұстаз Олжаханова Қарлығаш Абзалханқызы «Отбасының құны неде…?» тақырыбында жас отбасыларыға ұсыныстар беріп, ұлттық құндылық, дәстүр, әлеуметтік әділеттілік жайлы баяндап, түрлі психологиялық кеңестер берді. Ұлағатты ұстаз болған зейнеткер, бірлестіктің белсенді мүшесі Ғайни Серғазықызы және «Сәруар» ұлттық тәрбие мен оқу-дамыту орталығының басшысы, Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ерденбекова Бүлдіршін Ғизатқызы «Отбасы құны ұлттық дәстүрімізде» тақырыбында отбасында ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңыздылығы жайлы тағылымды әңгіме өрбіті.
Қаламыздағы «Ішкі істер басқармасының» кадр бөлімінің басшысы Ұлықбек Жанахметов отбасы, дәстүр жайлы өз ой-пікірін білдірді.
Шара соңында отбасы құндылықтары мен маңыздылығы жайында мол ақпарат алған қатысушылар бүгінгі шараның қоғамда үлгілі отбасы болуына ат салысуда бірлестіктің атқарған игі шара екендігін айтып, шара спикерлеріне алғыстарын білдірді.