Кітапханаға сыйға берілген кітаптар: көрме-экспозиция
15 қыркүйек күні Абай атындағы кітапханада «Кітапханаға сыйға берілген кітаптар» көрмесінің ашылуы өтті. Бұл көрме «KitapTime-2023» республикалық кітап фестивалі аясында ұйымдастырылды.
Кітап фестивалі – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы ұйымдастырған жалпыұлттық шара.
Көрменің мақсаты: кітап оқуды кеңінен насихаттау, интеллектуалды жастарды кітапхана тарту. Көрме-экспозицияға авторлар сыйға тартқан 100-ден астам кітап қойылды. Көрмеде білімнің әртүрлі: өлкетану, тарих, экономика, медицина, әдебиеттану салалары бойынша, көркем әдебиеттер қойылған.
Кітап көрмесінен орын алған М.Әуезовтің қызы Мұғамила Әуезованың отбасының тарихы туралы «Тұңғышы едім әкемнің…» , Алаш партиясының көсемі Райымжан Мәрсековтің «Қазақ қайда бара жатыр? Қазақтарды не күтіп тұр?» деректі материалдар жинағында немересінің арнау жазуы бар кітабы, Ләйлә Ахметованың Қазақстан батырлары – Брест бекінісін қорғаушылар туралы бірегей зерттеуі «1941 Брестская крепость. Казахстан», Тобықты руы мен оның атасы Мамай-би батыр туралы М.Жанболатұлын зерттеуге арналған «Тобықты Мамай батыр, би» атты тарихи құндылығы бар елеулі еңбектері шараға қатысушылардың ерекше қызығушылықтарын тудырды.
Кітапханаға сыйға берілген кітаптар кітапханамыздың қорынан белді орын алып, оқырман сұранысына ие болып келеді.