Қазақ тарихының ақтаңдақ беттері: «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»: кітап көрмесі
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» тарихи оқиғасына, 1723 жылы Қазақ халқының басынан кешкен қасіретті оқиғасының болғынына
300 жыл толып отыр. Осыған орай 11 қазан күні Абай атындағы кітапханасында «Қазақ тарихының ақтаңдақ беттері» атты кітап көрмесі ұйымдастарылды.
Көрмені тамашалауға қаламыздағы №22 мектептің 6 сынып оқушылары, Семей медицина университеті, Ж.Шайжүнісов атындағы электронды колледжінің студенттері және кітапхана оқырмандары келді. Шара барысында кітапхана қызметкері «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» шайқасының тарихы туралы ақпарат беріп, оқиға жайлы жазылған кітаптар және мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалармен таныстырды.
Оқырмандардың ерекше назарын аударған «Орбұлақ шайқасы», «Қазақтың ханы – Абылай», «Қаһарман батырлар мен ғұлама билер», «Қазақ батырлары», «Қазақ хандығы тарихы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы», «Қазақ хандығының тарихы» және тағы басқа кітаптар. Кітапхана мамандары осы жылдарды бейнелеген С. Сматаевтың «Елім-ай» роман-трилогиясында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп атанып кеткен ауыр тарихи кезеңді суреттей отырып, жоңғарларға қарсы күрестің бүкілхалықтық сипатын ашқан, сол күрестің қозғаушы күштерін шебер сипаттаған шығарма екендігіне тоқталып, Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз» кітабын оқуға кеңес берді.
Кітапхана маманы көрмедегі Егемен Қазақстан газетіндегі Б.Кәріпбаевтың «Тарихтың ащы сабағы», Ана тілі газетіндегі Б.Нұржекеұлының «Аңырақай жеңісі» мақалаларына тоқталып өтті.