Қазақстан дамуының негізгі векторлары: ақпараттық сағат
18 қазан күні Абай атындағы кітапханада Радиотехника және байланыс колледжінің студенттеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі күніне арналған «Қазақстан дамуының негізгі векторлары» атты ақпараттық сағат өтті. Жиналғандарға аталмыш мерекенің тарихы, Республика күні алғаш рет 1995 жылы қазан айында мемлекеттік мереке болып жарияланып, 2009 жылға дейін тойланып келгені, «Қазақстан Республикасының 2009 жылы Қазақстан Республикасындағы мерекелер» туралы заңға қол қойылды, оған сәйкес елімізде Республика күнін мерекелеу тоқтатылғаны туралы ақпарат берілді. Студенттер 2022 жылы 16 шілдеде өткен Ұлттық құрылтайда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынғаны жайлы білді. Іс- шара барысында студенттерге «25 қазан – Қазақстанда Республика күні» мерекесіне арналған бейнеролик ұсынылды. Бейнероликте Республика күнін мерекелеудің рөлін, еліміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірінің дамуындағы негізгі кезеңдерін, оның халықаралық аренадағы рөлі баяндалды. Сондай-ақ студенттерге еліміз егемендік алғаннан бері республикамыздың жеткен жетістіктері таныстырылды.
Ақпараттық сағатта Қазақстанның тарихи және қазіргі жағдайын ашатын кітаптар қойылған кітап көрмесіне басты назар аударылды. Көрмеге қойылған кітаптардың ішінде «Казахстан в современном мире: реалии и перспективы» және «Народ Казахстана» энциклопедиясы, А.Абдакимовтың «История Казахстана (с древнейших времен до наших дней)» және басқа да кітаптар көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды.