Саяси қуғын-сүргін құрбандары және Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан тарихы: кітаптар топтамаларының таныстырылымы
23 қазан – Республика күні мерекесіне орай «Саяси қуғын-сүргін құрбандары және Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан тарихы» кітаптар топтамаларының таныстырылымы ұйымдастырылды.
Шараға Абай облысының Архив ісі басқармасының директоры Мусин Болат Темірғалиұлы, архив мамандары Қадырова Лаура, А.Е. Шалыгин, Шәкәрім атындағы университеттің оқытушылары Рахметуллин Еркін Ерланұлы, Қариева Тоты Амангелдіқызы, Абай облысының қала, аудандарының кітапханашылары қатысты.
Абай облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Садырбаев А.С. кіріспе сөз сөйлеп, Абай облысының Архив ісі басқармасының бөлім басшысы Т.Б. Берікбекқызы «Абай облысында кеңестік қуғын-сүргін зобалаңы тақырыбы бойынша жарияланған кітаптар бойынша жүргізілген жұмыстар жайында сөз сөйледі.
20 ғасырдың 20-50 жылдардағы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның материалдары туралы Архив ісі басқармасының бөлім басшысы Қадырова Лаура баяндама жасады.
Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан тарихы кітаптар топтамалары туралы Абай атындағы кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы Чушекова Ж.М. пікір білдірді.
Кітап таныстырылымынан кейін облыстағы өңірдегі кітапханаларға кітаптар сыйға тартылды.
Саяси қуғын-сүргін құрбандары және Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан тарихы кітаптар топтамаларынан кітап көрмесі ұйымдастырылды.